АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНДАҒЫ ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕР ТАРИХЫ (1930-1950 ЖЖ): АУЫЗША ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ

  • Утегенов М.З., Сейфулин Т.Е., Жанисов А.Т. Кокшетауский университет имени Ш.Уалиханова
Ключові слова: Еңбекпен түзеу лагерлері, саяси қуғын-сүргін, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, архив құжаттары, күшпен қоныстандыру, жер аудару, далалық экспедициялар, немістер, украиндар, зиялы қауым.

Анотація

Мақалада Ақмола облысы Зеренді ауданы аумағындағы ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарындағы түзеу-еңбек лагерлерінің тарихын зерттеу болып табылады. Өткен ғасырдың 30-50-ші жылдарында Ақмола облысы аумағы сталиндік лагерлер, депортация, саяси жер аударудың негізгі орындарының біріне айналғаны белгілі. Зұлматты жылдары Қазақстан аумағында КАРЛАГ, СтепЛАГ жүйелері кең тарағаны мәлім, олардың тарихы өзіндік зерттеу тарихына ие: аталмыш лагерьлер Тәуелсіздік жылдарынан бастап зерттеушілер, тарихшылар, өлкетанушылар тарапынан зерттелуде. Соңғы жылдары архив құжаттары құпиясыздандарылып, бұрын жабық болған тақырып бойынша жаңа тың деректер жарияланып, бұл оқиғаларға жаңаша көзқарас қалыптасуына өз септігін тигізді. Алайда, Ақмола облысы, соның ішінде ХХ ғасырдың 30-шы-50-ші жылдары Зеренді аумағында құрылған еңбекпен-тузеу лагерьлерінің желісі жайлы мәліметтер  өте тапшы болатын. Атап айтқанда, бұл лагерьлер желісі орны нақты қай жерде орналасқаны, бұл лагерьлерде кімдер тұтқында болғаны жайлы мәліметтер осы күнге дейін белгісіз болатын. ҚР Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың 2020 жылдың 24-ші қарашасындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құру» жөніндегі Жарлығынан кейін, Зеренді аумағындағы лагерьлерге далалық экспедициялар сериясы ұйымдастырылды. Ғылыми зерттеу барысында архивтік құжаттар (Ақмола облысы мемлекеттік архиві), ауызша-нарративті деректер, және далалық экспедиция барысында табылған деректер пайдаланылды.

Материалдарды талдау барысында Ақмола облысының аумағындағы лагерьлердегі тұтқындардың азаматтығы мен этникалық шығу тегі анықталды. Тұтқындардың контингентін зиялы қауым өкілдері, Батыс Украинадан, Балтық республикаларынан жер аударылған колхозшылар, қылмыскерлер санаты құрады.

Далалық зерттеулер нәтижесінде Зеренді ауданы Баратай ауылының аумағында «Ключи» лагерінің тұтқындарының бұрын белгісіз жерленген жерлері, Ақмола облысы Зеренді ауданы Симферополь ауылындағы «Озерный» лагері табылды. 2021 жылғы 24 қарашада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында жерлеу орындарында ескерткіш тақтайшалар орнатылды. Сондай-ақ, зерттеу барысында Ақмола облысы, Зеренді ауданы аумағында сақталған ғимараттар, лагерьлердің орналасқан жері туралы мәліметтер табылды.

Жарияланды:
2025-09-25