БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҮШІН БІРЫҢҒАЙ САНДЫҚ КЕҢІСТІКТІК-ҮЙЛЕСТІРУШІ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКҚОРЫН ҚҰРАСТЫРУ
Анотація
Мақалада Батыс Қазақстан облысының бірыңғай сандық кеңістіктік-үйлестіруші гидрологиялық қорын қалыптастырудың нәтижелері келтірілген. Бұл жұмыс өңірдің су ресурстарын басқару жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады және су шаруашылығы саласында негізделген шешімдер қабылдаудың тиімді құралын құруға бағытталған. Жұмысқа су нысандары, гидротехникалық құрылыстар бойынша гидрометеорологиялық деректер мен мәліметтерді талдау және жалпылау, сондай-ақ су ресурстарын кешенді басқару мақсатында деректерді сақтау, өңдеу және визуализациялауды қамтамасыз ететін «Батыс Қазақстан облысының су нысандары және сушаруашылық инфрақұрылымы» сандық платформасын әзірлеу кіреді. Ұсынылып отырған дерекқоры облыстағы 192 гидрологиялық бекет, 50 метеобекет, 3176 өзен, 1124 көл және әртүрлі гидротехникалық құрылыстар туралы мәліметтерді қамтиды. Барлық нысандарға кеңістіктік байланыстыру жасалады және жан-жақты атрибуттық деректерімен бірге жүреді. Әзірленген сандық платформа Linux операциялық жүйесінде жұмыс істейтін ашық бастапқы коды бар заманауи клиент-сервер бағдарламалық құралы болып табылады.
Платформа пайдаланушыларға су және сушаруашылық нысандары туралы деректермен жұмыс істеу үшін интуитивті интерфейсті ұсынады, бұл аймақтың су ресурстарын басқару үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді.
