ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЭСТОНИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Анотація
Аңдатпа. Аталған мақалада Эстония мемлекетінің кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі, яғни қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына сипаттама беріледі. Мақала барысында елдің физика-географиялық орналасуы, елдің экономикалық дамуының басты факторы болып саналатын, ТТК кешендері (жер бедері, климаты, су жүйелерінің таралуы, топырағы және өсімдіктер мен жануарлар әлемі) жайлы мәліметтер берілген.
Мақаланың мақсаты эстон халқының орналасуы, өзіндік этностық белгілері – тілі мен ділі, таным-түсінігі, ой-санасы, мінез-құлқы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі сияқты т.б. Ауыл және қала халқының орналасу заңдылықтары жайлы айтылған.
Сонымен қатар пайдалы қазбаларының табиғи ерекшелігіне байланысты қалыптасуы және осыған орай өнеркәсіп орындарының орналасуы, шығарылған өнімдерінің ел экономикасындағы маңыздылығы жайлы мәлімет берілген. Импорт пен экспорт үлесінің ел экономикасының дамуындағы маңыздылығына тоқталған.
Табиғи ерекшелігіне байланысты өнеркісіп орындарының орналасуы да ерекше, Эстония мемлекеті сирек және жерде сирек кездесетін металдарды Еуропадағы ірі өндірушілердің бірі болып табылатын Silmet зауыты жұмыс жасауда. Ол 1946 жылы уран оксидін алу мақсатында диктионемді тақтатасты қайта өңдеу бойынша металлургиялық зауыт болатын. 1997 жылы кәсіпорын жекешелендірілді және 2011 жылдан бастап американдық Molycorp Silmet концернінің меншігі болып табылады. Қазіргі уақытта SILMET тантал мен ниобий өндірісі бойынша әлемде жетекші орында, ал неодим өндірісі бойынша - Қытайдан кейін әлемде екінші орында тұр.
