ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ БАЙЫРҒЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

  • Марат Тұяқбаев
  • Әлібек Шоқпаров
  • Багдаулет Сиздиков Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Ключові слова: Түркістан, Ұлы Жiбек жолы, топонимика, тарихи-мәдени мұра, тарих, туризм

Анотація

Тарих қойнауында жатқан, отандық тарихымыздың құндылығы мен  маңыздылығын одан әрі арттырған, өз заманында тек отандық тарихта ғана емес, күллі түркі халықтарының тарихында маңызды орынға ие, түркі дүниесінің рухани астанасы Түркістан өңірінің байырғы жер-су атауларын зерттеу, талдау және ғылыми айналымға енгізу қәзіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылуда. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңның маңыздылығы қарастырылады. Түркістан қаласы – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында және дамуы барысында маңызды рөл атқарған тарихи әрі рухани орталық. Оның ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихындағы алар орны ерекше, себебі қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, бұл қаланы экономикалық, саяси-әкімшілік және мәдени орталыққа айналдырды. Мақалада Түркістан өңіріндегі байырғы жер-су атауларының этнонимиялық ерекшеліктері мен олардың тарихи тамырлары зерттеледі. Өңірдегі жер-су атауларының көбін халық, ел, тайпа және ру атауларынан тұратынын атап көрсетілді. Зерттеу барысында сақ, үйсін, ғұн, түркі, оғыз және қыпшақ кезеңдерінен бастау алатын, араб, парсы, қазақ және өзбек тілдеріндегі атаулардың араласуы қарастырылады. Сонымен қатар мақалада Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұраларын сақтау мен дамыту жолдары талқыланып, Қазақстанның стратегиялық даму бағыттарының бірі ретінде мәдени туризмді өркендету қажеттілігі атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері тарихи-этнонимиялық және топонимикалық материалдардың өңірдің этникалық құрылымын және тарихи көші-қондар жолдарын түсінуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Мақала Түркістан өңірінің тарихи-мәдени мұрасын терең зерттеуде этнонимияның маңызды рөлін айқындайды. Түркістанның ерекше мәртебеге ие болуы – оның тарихи мұрасын сақтауға және оны әлемдік деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік береді.

Жарияланды:
2025-09-25