БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛТЫН ОРДА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ШОҒЫРЛАНУ АЙМАҒЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТАРЫ
Анотація
Батыс Қазақстан облысы территориясы Жошы ұлысы мемлекетінің орталығына ең жақын аймақтардың бірі болып табылады. Төменгі Еділ бағытында жүрген сауда керуен жолдары бойында көптеген қоныстардың пайда болуы заңдылық. Сондықтан бүгінгі таңда өңірдегі ескерткіштерді зерттеу, байланыс жолдарын анықтау басты назарда болып отыр. Зерттеу жұмысының мақсаты – археологиялық жұмыстар нәтижесінде белгілі болған ескерткіштердің шоғырлануын қарастыра келе жаңа сауда байланыстары мен ескерткіштердің орналасуы мүмкін аймақтарды анықтау. Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін белгілі ескерткіштердің шоғырланған аймақтары анықталып, ХІХ-ХХ ғасырлардағы карталардағы көрсетілген сауда жолдары негізінде салыстыра отырып, болашақ зерттеу жұмыстары үшін ескерткіштердің орыналасуы ықтимал аймақтар мен бағыттар анықталды. Нәтижесінде, Батыс Қазақстан облысы аумағында ықтималды деген бірнеше бағыттар белгіленді.
