«ОРАЛДАҒЫ КОНФРОНТАЦИЯ»: 90-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ҚОҒАМ ҚАЗІРГІ АВТОРЛАРДЫҢ БАҒАЛАУЫНДА
Анотація
Бұл рецензия – мақала авторлары Артур Ныгметтің «Противостояние в Уральске» кітабында жіберілген семантикалық және тілдік қателіктер мен кемшіліктерді көрсетіп, кітап мазмұнына құқықтық баға беру үшін лингвистикалық сараптамадан өткізу қажеттігін тұжырымдайды. Мақаламен жұмыс істеу кезінде талдаудың екі негізгі түрі - өткенге шолу және салыстырмалы түрлері қолданылды. Кітаптың тарихи туынды екендігіне үміткер автор аталған мемлекеттік қызметшілердің, сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік органдарының жұмысына баға беруде көптеген қателіктер жіберген. Жіберілген қателіктер тұтастай алғанда Қазақстан тарихындағы бетбұрыстар кезеңіндегі мемлекеттік органдардың ролі мен маңызы туралы оқушылар аудиториясында бұрмаланған көзқарас қалыптасуына әсерін тигізеді. Зерттеулер қорытындысы тарихи оқиғаларға объективті баға берілуін қажет етеді, аталған жағдайды ескермеу автор үшін құқықтық салдар тууына себеп болуы мүмкін.
