ҚИМА МӘДЕНИЕТІНІҢ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЗЕРТТЕУІ: БАТЫС ҚАЗАҚСТАННАН ТАБЫЛҒАН БЕЛГІЛЕРІ БАР ЫДЫС
Анотація
Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – ежелгі адамның дүниетанымын зерттеуі болып табылады. Бұның кілті жерлеу ғұрыптық әрекеттерін, жартастағы суреттерді, өнерді, этнографиялық бақылаулар негізінде қайта құрылған салт-жораларды және күнделікті өмірде пайдаланған заттарды талдау болуы мүмкін. Түпкі негіздерінің бірі керамикалық ыдыстар болып табылады. Олар ежелгі адам өмірінің утилитардық және қасиетті салаларын біріктіріп сипаттауға мүмкіндік береді. Біріншіден, белгілі бір қауымда қабылданған шаруашылық және мәдени типті айқындайды. Екіншіден, мәдениеттерді, мәдени топтар арасындағы, адам және тұтастай алғанда оның қоғамдастығындағы күрделі қатынастар жүйесін көрсетеді. Керамикалық ыдыстардың бетінде, сондай-ақ басқа да археологиялық жәдігерлерде бейнеленген рәміздер мен белгілер зерттеушілерге ежелгі адамдардың дүниетанымының мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бейнелері бар объектілерді семантикалық талдау нәтижелерінде ежелгі адамды мазалаған мәселелерді түсінуге болады. Батыс Қазақстан аумағындағы қима мәдениетінің қонысын зерттеу барысында табылған керамикалық ыдыс осындай дереккөз болып табылады. Жүргізілген зерттеу материалдары бұрын жарияланғанмен, бізді қызықтыратын артефакт, сондай-ақ ондағы суреттер ғылыми әдебиеттерде арнайы қарастырылмаған және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.
