РИТУАЛДЫ-СЦЕНАРИЙЛІК ТИПТЕГІ КОНЦЕПТІЛЕР («ХОРОВОД» КОНЦЕПТІ МЫСАЛЫНДА)

  • Пименова М. В. Тянь-Шанский атындағы Халықаралық гуманитарлық университеті, Санкт-Петербург, Ресей
Ключові слова: Кілт сөздер: концепт; концепт құрылымы; концептология; лингвомәдениеттану; әлемнің тілдік бейнесі; хоровод; сценарий; ритуалды-сценарийлік; халық мәдениеті; сөздіктер.

Анотація

Мақалада ерекше бір типтегі концепт – ритуалды-сценарийлік концепт талданады. Айқындаушы мысал ретінде орыс лингвомәдениетіндегі «хоровод» концептісі алынған. Зерттеудің өзектілігі – халық мәдениетіне негізделген жаңа концепт түрін бөліп көрсетуде. Жұмыстың ғылыми жаңалығы орыс лингвомәдениеті контексінде «хоровод» концептісін алғаш рет сипаттауға талпыныс жасауында. Мақаланың мақсаты – орыс тіліндегі әлем бейнесіндегі «хоровод» концептісін сипаттау. Зерттеу екі кезеңде жүргізілді: бірінші кезеңде зерттеліп отырған концептінің мотивациялық белгілері анықталды; екінші кезеңде «хоровод» концептісінің сценарийлік компоненттері айқындалды. Концептіні әрі қарай зерттеудің келешегі белгіленді: біріншіден, оның құрылымының дамуын жан-жақты қарастыру; екіншіден, өзге лингвомәдениеттерде қарастыру; үшіншіден, жеке авторлық әлем бейнелерінде талдау.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Филология