ҚОЙ ЖҮНІ: ДӘСТҮРЛІ БІЛІМДЕР МЕН ДАҒДЫЛАРДАҒЫ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ТҰСТАРЫ

  • Онаева Г.Т., Кадримбетова Н.Н., Елкей Н.Н. Национальный музей РК

Анотація

Аңдатпа. Мақсаты – Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұраларының бір тармағы болып саналатын дәстүрлі кәсіптерге байланысты білімдер мен дағдылардың қатарындағы қой жүнінің ерекшеліктерін зерттеу және кейбір ұғымдарды нақтылау. Әдістері – аналитикалық және салыстырмалы-тарихи талдау әдістері қолданылып, қой жүніне қатысты деректер кешенді қарастырылды. Бұл тәсілдер зерттеу міндеттерін шешуде тиімді әрі ғылыми тұрғыдан негізделген. Нәтижелері – қой жүнінің өзіндік қасиеттері мен адам ағзасына пайдалы қырлары айқындалып, шайыры мен шуашының айырмашылығы талданып, «қой жүнінің шуашы» ұғымына нақтыланған анықтама берілді. Қорытынды – зерттеу нәтижелері қой жүніне қатысты материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен дамытудың әлеуеті жоғары екенін көрсетті. Бұл бағытты ілгерілету үшін қолөнер, этно-дизайн, сән индустриясы, туризм, ауыл шаруашылығы мен білім беру салаларымен өзара ықпалдастықта жүзеге асырылуы тиіс.

Жарияланды:
2025-12-25
Як цитувати
Онаева Г.Т., Кадримбетова Н.Н., Елкей Н.Н. (2025). ҚОЙ ЖҮНІ: ДӘСТҮРЛІ БІЛІМДЕР МЕН ДАҒДЫЛАРДАҒЫ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ТҰСТАРЫ. БҚУ хабаршысы, 100(4), 330-343. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2025.100(4).181
Бөлім
Тарих