БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АДАМҒАДА УЛЫҒЫ ҚАУІПТІ ӨРМЕКШІЛЕРДІҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Әліби Қабдрахимов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Ключові слова: Eresus kollari; Allohogna singoriensis; Latrodectus tredecimguttatus; улы өрмекшілер; Батыс Қазақстан облысы.

Анотація

Мақалада Батыс Қазақстан облысы аумағында таралған улы өрмекшілердің үш түрі – Eresus kollari F.W. Rossi, 1846 (Eresidae), Allohogna singoriensis (Laxmann, 1770) (Lycosidae) және Latrodectus tredecimguttatus (P. Rossi, 1790) (Theridiidae) түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері, экологиялық жағдайлары мен адамға тигізетін ықтимал қауіптілігі қарастырылған. E. kollari түрі – сирек кездесетін, негізінен ін ішінде тіршілік ететін, адамға агрессивтілігі төмен өрмекші. Оның шағуы жеңіл жергілікті реакциялармен сипатталады және адам өміріне айтарлықтай қауіп төндірмейді.                 А. singoriensis – өңірдің ең ірі өкілі, тарантулдар қатарына жатады. Бұл түр де адамға сирек қауіп төндіреді, уы ауырсыну мен ісік тудырғанымен, әдетте уланудың ауыр белгілерін бермейді. Ең қауіпті түр – L. tredecimguttatus (қарақұрт), оның уы нейротоксикалық әсер етіп, ауыр улануға және кей жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Соңғы жылдары бұл түрдің Батыс Қазақстан облысында санының артуы мен ареалының кеңеюі, сонымен қатар елді мекендерге енуі байқалуда.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Экология