ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАНДШАФТТАРЫНА АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕРДІ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
Анотація
Мақалада Қызылорда облысы ландшафттарының антропогендік әсердің деңгейіне кешенді геоэкологиялық баға беру нәтижелері ұсынылған. Зерттеу әдістемесі интегралдық тәсілге негізделіп, алты негізгі көрсеткішті қамтиды: халықтың тығыздығы, елді мекендер, егістік жерлер мен техногендік түзілімдердің ауданы, көлік желісінің тығыздығы және мал жаю тығыздығы. Қашықтан зондтау деректері мен геоақпараттық талдау негізінде аймақ аумағы антропогендік әсердің деңгейлері бойынша зоналарға бөлінді. Нәтижеге сәйкес облыс аумағының 55%-ы орташа, ал 27%-ы жоғары антропогендік әсердің аймағына жатады. Ең жоғары әсер урбанизацияланған және аграрлық аймақтарда байқалады. Зерттеу нәтижелері табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен деградацияға ұшыраған экожүйелерді тұрақты мониторингтеудің қажеттілігін айқындайды.
