ӨНДІРІС НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АУА САПАСЫНА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

  • Әбдімүтәліп Н.Ә., Құралбай Ә.З., Тойчибекова Г.Б., Турметова Г.Ж., Койшиева Г.Ж. МКТу
Ключові слова: Түркістан қаласы; ауа сапасы; өндіріс нысандары; ластану; мониторинг; шығарындылар; экологиялық қауіпсіздік.

Анотація

Мақалада Түркістан қаласындағы өндіріс нысандарының атмосфералық ауа сапасына тигізетін әсері жан-жақты зерттелінген. Қалада соңғы жылдары индустриялық дамудың қарқынды жүруі қоршаған ортаға, әсіресе ауа сапасына белгілі бір дәрежеде әсер еткені байқалды. Зерттеу барысында өндірістік кәсіпорындардан бөлінетін ластаушы заттар (шаң-тозаң, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, ұшпа органикалық қосылыстар және т.б.) деңгейі өлшеніп, қолданыстағы экологиялық нормалармен салыстырылды. Сонымен қатар, қала аумағындағы атмосфералық ауаның санитарлық-гигиеналық жағдайы сарапталып, тұрғындардың денсаулығына әсер ету ықтималдығы бағаланды. Мақала нәтижелері өндірістік нысандарды экологиялық тұрғыдан реттеу, ауа сапасын бақылау және табиғатты қорғау шараларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді. Бұл зерттеу Түркістан қаласының орнықты дамуына ықпал ететін маңызды ғылыми-тәжірибелік еңбек болып табылады.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Экология