БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНАН ТАБЫЛҒАН КЕШ ПЛЕЙСТОЦЕНДІК COELODONTA ANTIQUITATIS (BLUMENBACH, 1799) МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ.

  • Берлигужин М.Т., Ахмеденов К.М. ЗКУ им. М.Утемисова
Ключові слова: кеш плейстоцен, Жайықтың төменгі ағысы, қазба қалдықтары, Coelodonta antiquitatis Blum., 1799, далалық форма, Батыс Қазақстан, бассүйек, иық сүйегі.

Анотація

Жүндес мүйізтұмсық (Coelodonta antiquitatis) Қазіргі Қазақстанның аумағын қоса алғанда, Еуразияның кеш плейстоцен кезеңінде кең таралған. Батыс Қазақстан облысы мен іргелес аймақтардан табылған бассүйектер, тістер және посткраниальды элементтер музей коллекцияларында болғанымен, көп жағдайда сипатталмаған күйінде қалып отыр. Оларды зерттеу плейстоцендік экожүйелерді қалпына келтіру және фауна динамикасына әсер ететін климаттың өзгеруін бағалау үшін маңызды. Жұмыстың мақсаты, Орал қаласының Табиғат және экология мұражайындағы палеонтологиялық коллекциялар арқылы таксономиялық байланысын, жыныстық диморфизмді, жас ерекшеліктерін және олардың тіршілік ету ортасын анықтау. Әдістеме морфометриялық талдауды, салыстырмалы краниологиялық зерттеуді және түр ішіндегі мүмкін әртүрлілікті бағалауды қамтиды. Нәтижелер зерттелген үлгілердің C. antiquitatis кеш плейстоцен және қоңыржай дала жағдайында өмір сүрген жыныстық жетілген аталықты көрсетеді. Бұл плейстоцендегі Жайықтың төменгі ағысында салыстырмалы түрде қыс жұмсақ және қар жамылғысы қалың және тығыз болмағандығын көрсетеді.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Экология