ЖОҒАРҒЫ ЕРТІС БАССЕЙНІНДЕГІ ШАҒЫН ӨЗЕНДЕРДІҢ ИХТИОФАУНАСЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Анотація
Жоғарғы Ертіс бассейніндегі шағын өзендердің (Жіңішкесу, Кендірлік, Қандысу, Бейіттібұлақ, жəне т.б.) ихтиофаунасының түрлік құрамы, таралу ерекшеліктері жəне қазіргі экологиялық жағдайы жан-жақты талданады. Зерттеу барысында ғылыми əдебиеттерге сүйене отырып, арнаның морфологиялық өзгерістері, гидрологиялық режимнің тұрақсыздығы, инвазиялық түрлердің көбеюі жəне антропогендік ластану факторларының балық популяцияларына əсері қарастырылады.
Сонымен қатар трансшекаралық су саясатына қатысты маңызды мəселе - Қытай Халық Республикасының Қазақстанмен Ертіс суына байланысты үшжақты келісімге (Қазақстан-Қытай-Ресей) келмей, тек екіжақты келісімдермен шектелуі де талданады. Қытай аумағында суармалы егістік пен өндірістің ұлғаюына байланысты Ертіс өзенінен алынатын су көлемінің артуы шағын өзендерге келетін судың азаюына əкелуде. Бұл құбылыс өзен ағысының маусымдық өзгерістерін күрделендіріп, таяздану, су температурасының көтерілуі, оттегінің төмендеуі сияқты процестерді күшейтеді. Нəтижесінде реликті жəне толеранттылығы төмен балық түрлерінің тіршілік ареалы тарылып, популяциялар саны қысқаруда.
Жинақталған мəліметтер Жоғарғы Ертіс бассейніндегі экожүйелердің тұрақтылығын сақтау, су ресурстарын тиімді басқару жəне трансшекаралық өзендерді қорғау бойынша ұсыныстар əзірлеуге мүмкіндік береді.
