КОЛОВЕРТНОЕ КӨЛІНІҢ СУ ТҮБІ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  • Сенбаева Х.С., Сарманов А.Е. М.Өтемісов атындағы БҚУ
Ключові слова: Түйін сөздер: Коловертное көлі, макрозообентос, қауымдастықтардың түрлік әртүрүрлілігі, таксономиялық құрамы, Батыс Қазақстан облысы.

Анотація

Аңдатпа. Бұл мақалада Коловертное көлінің 2024–2025 жылдардағы су түбі омыртқасыздарының түрлік құрамы, сандық көрсеткіштері зерттелді. Зерттеу барысында көлден барлығы 14 таксон тіркелді, олардың құрамына аз қылтанды құрттар, шаянтәрізділер және жәндіктер топтары кіретіні анықталды. Маусым бойынша түрлік әртүрліліктің өзгеруі байқалып, ең жоғары көрсеткіштер күз (2168,7 дана/м², 1,4 г/м²) және көктем (580 дана/м², 6,01 г/м²) мезгілдерінде тіркелді. Бұл жағдай көлдің Жайық өзенімен толығуы және жауын-шашын мөлшерінің артуымен түсіндірілуі мүмкін. Сонымен қатар, алынған нәтижелер әдеби деректермен салыстырылып, БҚО-дағы бірқатар көлдермен түрлік ұқсастық деңгейі анықталды. Коловертное көліндегі таксономиялық әртүрліліктің Батыс Қазақстан облысының бірқатар су айдындарымен салыстырғанда орташа деңгейде екені анықталды. БҚО-дағы жүргізілген зерттеулерге сәйкес бентос үлгілерінен Oligochaeta, Hirudinea, Bivalvia, Gastropoda, Crustacea және Insecta топтарына жататын барлығы 82 таксон организмдері анықталды. Олардың ішінде олигохеталар – 2 түр, сүліктер – 1 түр, қосжақтаулы және бауыраяқты моллюскалар – әрқайсысы 3 түрден, шаянтәрізділер – 7 түр, ал жәндіктер – 66 таксонды құрады.

Жарияланды:
2026-06-25
Як цитувати
Сенбаева Х.С., Сарманов А.Е. (2026). КОЛОВЕРТНОЕ КӨЛІНІҢ СУ ТҮБІ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ. БҚУ хабаршысы, 102(2), 450. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.102(2).42
Бөлім
Экология