НЫҒМЕТ СЫРҒАБЕКОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ ХАҺЫНДА
Анотація
Мақалада Қазақстанда кеңестік билік орнағанда өзінің әлеуметтік шыққан тегіне байланысты ол өкіметті қолдап, оның орнығуы, күшеюі жолында үлкен қызмет атқарған қайраткер Нығмет Сырғабековтың қоғамдық-саяси қызметі қарастырылған. Нығмет Сырғабековтың қоғамдық-саяси қызметінің үлкен бір белесті кезеңі Әділет халық комиссариатында әртүрлі жауапты қызметтерді атқарып, кеңестік жүйедегі заңдық органның қалыптасып, қызметін жандандырудағы ерен еңбегі еді. Ақмола губерниялық соты төрағасының орынбасары, Жетісу губерниялық сотының төрағасы болды. Ал, 1929 жылы РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімінің төрағасы қызметіне дейін көтерілді.
Десекте, Нығмет Сырғабековтың қоғамдық-саяси қызметі қарама-қайшылықты. Қазақстан өлкелік партия комитетінің басшылығына Ф.Голощекиннің келуімен ол жүргізген саясат Нығмет Сырғабековтің де саяси көзқарасына біршама әсер етті деп айтуымызға болады. Ол, Голощекиндік ұлт зиялыларын қудалау, ауыл шаруашылығында жүргізілген ұжымдастыру, жаппай отырықшылыққа көшу наухандарын қолдаған қазақ қайраткерлерінің бірі болды. Нығмет Сырғабековтың қилы кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметін саралай отырып, оны объективті бағалау, біржақты сипат беруден арылу зерттеу тақырыбының басты мақсаты болып табылады.
