БРУСЯННОЕ КӨЛІНДЕГІ ROTATORIA КЛАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ МЕН САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  • Таңатарова Қ.Т., Султанов Е.С. М.Өтемісов атындағы БҚУ
Ключові слова: Кілт сөздер: Брусянное көлі, зоопланктон, Rotatoria, түрлік құрамы, сандық көрсеткіштер, маусымдық динамика, таксономиялық жіктелу.

Анотація

Аңдатпа. Бұл мақалада Брусянное көліндегі Rotatoria класы өкілдерінің түрлік құрамы мен сандық көрсеткіштері қарастырылған. Зерттеу барысында көлден 16 таксон анықталды, олардың негізін Transversiramida отрядының өкілдері құрады. Таңдалып алынған үш стационарлық станция бойынша, әр жыл мезгілдерінде орташа биомассасы мен саны есептелінді. Қыс мезгілінде орташа биомассасы 0,235 млн мг/м³, ал орташа саны 8,96 мың дана/м³ деңгейінде тіркелді. Көктемде биомасса 1,668 млн мг/м³, саны 39,2 мың дана/м³ болып, Keratella cochlearis, Keratella quadrata, Polyarthra longiremis, Polyarthra luminosa және Asplanchna sieboldi түрлері басым болды. Жазда биомасса 1,517 млн мг/м³, саны 34,3 мың дана/м³ деңгейінде сақталып, сандық басымдықты Keratella cochlearis, Branchionus angularis және Branchionus calyciflorus түрлері құрады. Күзде биомасса 1,311 млн мг/м³, саны 38,7 мың дана/м³ деңгейінде тіркелді, ал басым түрлер Transversiramida өкілдері болып қалды. Алынған деректер Rotatoria қауымдастығының маусымдық динамикасын және жетекші түрлердің экологиялық бейімделуін көрсетеді.

Жарияланды:
2026-06-25
Як цитувати
Таңатарова Қ.Т., Султанов Е.С. (2026). БРУСЯННОЕ КӨЛІНДЕГІ ROTATORIA КЛАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ МЕН САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ. БҚУ хабаршысы, 102(2), 475. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.102(2).44
Бөлім
Экология