ҮЙ ЖӘНЕ ЖЕЛҚУАР ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
Анотація
Трансшекараралық өзендер болып табылатын Үй және Желқуар өзендерінің су сапасын бағалау үшін 2018 және 2024 жылдар аралығында алынған гидрохимиялық көрсеткіштер судың ластану индексін анықтау үшін пайдаланылды. Нәтижесінде, судың ластануының соңғы индексі әр жылдың ластану индексі негізінде есептелді. Гидрохимиялық көрсеткіштердің ішінде ОБҚ5, темір, мұнай өнімдері, фенол, СЖАЗ, мыс, мырыш, марганец, никель сияқты компоненттер алынды. Ұсынылған компоненттердің ішінде марганец, никель, мырыш және мұнай өнімдерінің жыл сайын ШРК-дан асып түсетінін және су экожүйесіне техногендік жүктеменің әсері біршама байқалатынын көруге болады.
Зерттеу нәтижелері Үй және Желқуар өзендерінің су сапасының орташадан жоғары деңгейге дейін ластанғанын көрсетеді, бұл трансшекаралық су айдындарының ластануын азайтуға бағытталған үздіксіз қоршаған ортаны бақылау және кешенді басқару шараларын жүргізу қажеттілігін дәлелдейді.
