СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ОТАРЛАНУ ТАРИХЫНАН

  • Утегенов М.З *., Шукеева А.Т., Уалиев Т.А., Алибеков К.Б. Кокшетауский университет имени Ш.Уалиханова
Ключові слова: Солтүстік Қазақстан; Ақмола облысы; қонысаудару саясаты; қонысаударушылар; этникалық топтар; отарлау саясаты; көшпелі тұрғындар; отырықшы тұрғындар; қалалар; ауылдар.

Анотація

Мақалада Солтүстік Қазақстан аумағындағы әскери және азаматтық отарлау үдерістерінің тарихи динамикасы мен олардың аймақтың этнодемографиялық құрылымына ықпалы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу Ресей империясының қазақ даласын игерудегі стратегиялық тәсілдерін талдауға негізделіп, отарлау саясатының екі негізгі бағытын – әскери-казактік экспансия мен шаруаларды қоныстандыру арқылы жүзеге асқан аграрлық отарлауды – өзара сабақтастықта зерделейді. Авторлар әскери бекіністердің, шептік жүйелердің және казак станицаларының құрылуы империялық биліктің әкімшілік-институционалдық орнығуының басты құралы болғанын көрсетеді. Ал XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы жаппай қоныс аудару саясаты Солтүстік Қазақстанның этникалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, аймақты полиэтникалық кеңістікке айналдырды.

Зерттеуде 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының материалдары, Ақмола облысының статистикалық шолулары, Ф. Щербина экспедициясының деректері мен архивтік құжаттар кеңінен пайдаланылып, халық санының динамикасы, этникалық құрамдағы өзгерістер және қоныс аудару ауқымы талданады. Сонымен қатар, жер қатынастарының қайта бөлінуі, қазақтардың дәстүрлі көшпелі шаруашылығының дағдарысы және әлеуметтік-экономикалық трансформациялар мәселелері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері Солтүстік Қазақстандағы отарлау үдерістерінің аймақтың тарихи дамуына ұзақ мерзімді ықпал еткенін айқындайды.

Біографія автора

Утегенов М.З *., Шукеева А.Т., Уалиев Т.А., Алибеков К.Б., Кокшетауский университет имени Ш.Уалиханова

Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті тарих кафедрасының меңгерушісі

Жарияланды:
2026-06-25
Як цитувати
Утегенов М.З *., Шукеева А.Т., Уалиев Т.А., Алибеков К.Б. (2026). СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ОТАРЛАНУ ТАРИХЫНАН. БҚУ хабаршысы, 102(2), 200. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.102(2).20