ӘОЖ 908(045) ХІХ-ХХ Ғ.Ғ. МАҢҒЫСТАУ ТҮБЕГІНДЕГІ ДІНИ АҒАРТУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ

  • Ережепова Р.Г.*,Тулешова Ш.П.,Өтесова Г.Е. YESSENOV UNIVERSITY
Ключові слова: Маңғыстау түбегі; мешіттер мен медреселер; мұсылмандық білім беру; орыс-түзем мектептері; ислам; қажылық (хадж); Ресей империясының отарлық саясаты; діни бақылау; Закаспий генерал-губернаторлығы.

Анотація

Аңдатпа. Мақалада XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Маңғыстау түбегіндегі діни білім беру жағдайы Ресей империясының отарлық саясаты контекстінде қарастырылады.

          Зерттеуде өңірде қалыптасқан дәстүрлі мұсылмандық білім беру жүйесіне, сондай-ақ империялық білім беру саясаты аясында ашылған орыс-түзем мектептерінің қызметіне ерекше назар аударылады.

         Мақалада қазақ жеріндегі исламдық білім беруді шектеу және бақылауға бағытталған патша үкіметінің әкімшілік шаралары талданады. Негізгі дереккөз ретінде Закаспий облысы кеңсесінің мұрағат құжаттары пайдаланылып, діни саладағы мемлекеттік бақылау тәжірибесі көрсетіледі.

         Сонымен қатар Түркістан және Орынбор генерал-губернаторлықтарындағы, сондай-ақ Ішкі Ордадағы XIX ғасырдың 80-жылдарындағы антиисламдық саясат шаралары Закаспий өңіріндегі үдерістермен салыстыра отырып қарастырылады. Нәтижесінде уездер мен болыстар бойынша мешіт-медреселердегі және орыс-түзем, сондай-ақ еврей мектептеріндегі оқушылардың саны, құрамы мен жағдайы туралы статистикалық деректер ұсынылады.

         Мақалада Маңғыстау өңіріндегі қажылық (хаж) мәселесі де діни тәжірибенің бір бөлігі ретінде қарастырылып, оның әкімшілік бақылауда болғаны айқындалады.

         Зерттеу материалдары Ресей империясының қазақ жеріндегі діни өмірді реттеу және шектеуге бағытталған жүйелі саясатын көрсетеді.

Жарияланды:
2026-06-25
Як цитувати
Ережепова Р.Г.*,Тулешова Ш.П.,Өтесова Г.Е. (2026). ӘОЖ 908(045) ХІХ-ХХ Ғ.Ғ. МАҢҒЫСТАУ ТҮБЕГІНДЕГІ ДІНИ АҒАРТУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ. БҚУ хабаршысы, 102(2), 157. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.102(2).17