ENTEROBACTER KOBEI БАКТЕРИЯСЫНЫҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ
Анотація
Бұл жұмыста Батыс Қазақстан облысы, Қарасу табиғи су қоймасынан бөлініп алынған Enterobacter kobei бактерия штаммының молекулалық-генетикалық талдауы ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – заманауи молекулалық әдістерді, соның ішінде культивирлеу, ДНҚ бөліп алу, 16S рРНҚ генін ПТР арқылы амплификациялау және Oxford Nanopore MinION платформасында секвенирлеу арқылы бөлінген микроорганизмді идентификациялау болды. Су үлгілері Луриа–Бертани (LB) қоректік ортасына егілді, кейін алынған колониялар Enterobacter туысына тән морфологиялық белгілерді көрсетті. Геномдық ДНҚ Monarch Spin gDNA Extraction Kit көмегімен бөлініп алынып, агарозды гель электрофорезі және Qubit Flex флуориметрі арқылы бағаланды. Молекулалық идентификация үшін 27-F және 1492-R әмбебап праймерлерімен 16S рРНҚ генінің фрагменті амплификацияланып, алынған өнім секвенирленді. Секвенирлеу нәтижелері зерттелген штаммның Enterobacter kobei түріне жатуы ықтимал екенін көрсетті, бұл NCBI деректер базасындағы референстік тізбегімен салыстырмалы талдау арқылы (99,8% сәйкестік) расталды. Алынған нәтижелер табиғи көздерден бөлінген бактерияларды дәл идентификациялауда молекулалық-генетикалық әдістердің тиімділігін көрсетеді және су экожүйелерінің микробиологиялық мониторингіндегі маңыздылығын айқындайды.
