ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ МОЛДАЛАР МЕН ҚОЖАЛАР

  • Ахан Жарас, Ускембаев Канат, Ескалиев Самат, Туякова Айжан Астана международный университет
Ключові слова: Bukey Horde, Khan Zhangir, Russian Empire, khojas, mullahs, Islam, religious policy.

Анотація

Бұл мақалада Патшалық Ресейдің діни саясаты және Бөкей Ордасындағы молдалар мен қожалардың қоғамдағы орны мен атқарған қызметтері қарастырылады. Автор ислам дінінің бұл өңірде дамуының өзіндік ерекшеліктерін, Жәңгір ханның дінді мемлекеттік саясат құралы ретінде пайдалануын және діни элитаның қалыптасу үдерісін сипаттайды. Сонымен қатар, қожалардың әлеуметтік мәртебесі мен сұлтандармен қарым-қатынасы, молдалардың діни-ағартушылық және құқықтық функциялары талданады. Зерттеу барысында архивтік және тарихи деректерге сүйене отырып, Бөкей Ордасында ислам институттарының қалыптасуы мен қоғамдағы ықпалы анықталған. Исламның әлеуметтік құрылымға енуі Бөкей Ордасының саяси және рухани өмірінде маңызды рөл атқарғаны көрсетіледі.

Жарияланды:
2026-06-25
Як цитувати
Ахан Жарас, Ускембаев Канат, Ескалиев Самат, Туякова Айжан. (2026). ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ МОЛДАЛАР МЕН ҚОЖАЛАР. БҚУ хабаршысы, 102(2), 232. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.102(2).23