БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНДАҒЫ ХХ ЖӘНЕ ХХІ – ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЙМАҚТЫҢ ТАРИХЫ БОЙЫНША ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕН ҚАРАСТЫРУ
Анотація
Тарихи-мәдени процестердi талдау белгiлi бiр аймақ шеңберiнде бiрнеше ұрпақтың өмiрi мен қызметi iшiнде жинақталған жазбаша дереккөздер кешенiн құрайтын облыстық мұрағаттар қорларындағы материалдарға сүйенуге мәжбүр етедi. Олардың арасында тарихи құжаттардың қорлары өздерінің сандық құрамы бойынша да, хронологиялық шеңберлердің аауқымдығы бойынша да ерекшеленеді. Зерттеуші үшін бұл тарихи процестердің қалыптасу, даму жағдайлары мен ерекшеліктері туралы мәселелерді өзекті және объективті зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда облыстық деңгейдегі құрлымды зерделеу бір жағынан проблеманың өзін жалпы тереңірек зерделеуге, ал екінші жағынан оқиғаның сипаты мен ауқымын нақтылауға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты әлі күнге дейін ғылыми зерттеулер нысанына айналған жоқ, ал оның бай қорларында өңірдің дамуының толыққанды және тарихи анық көрінісін жасауға мүмкіндік беретін едәуір ақпараттар бар. Мақалада мұрағаттың құрылымын, оның қорларының мазмұнын жүйелі баяндауға әрекет жасалған және материалдардың негізгі тобына қысқаша сипаттама берілген.
