УАҚЫТ МОДУСТАРЫНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ ФЕНОМЕНІ

  • Дана Оразбаева Ену им Л.Н.Гумилева
Ключові слова: батырлық феномені, уақыт модусі, батыр бейнесі, қайсар рух, ескерткіш, мәдени жады, қаһарман, тарих

Анотація

Мақалада батырлық феномені мәдени уақыт модусында қарастырылады, оның қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы орны зерделенеді. Батырлық дәстүрі ұлттық рухани кодын, мәдени тұтастығын және тарихи сабақтастығын бейнелейтін маңызды мәдени феномен ретінде қарастырылады. Батырлық феномені өткен мен бүгіннің мәдени диалогы ретінде ұлттық сана мен тарихи тәжірибеміздің өзара байланысын көрсетеді. Мақалада «қазақ батырларының бейнесі әртүрлі уақыт модусында қалай репрезентацияланды және ұлттық жадынын қалай қалыптастырады?» деген сұраққа жауап беруге тырысамын.

Зерттеудің мақсаты - батырлық феноменін мәдени уақыт модусы тұрғысынан кешенді талдау және оның тарихи-мәдени репрезентациясын айқындау.

Зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде батырлық феномені тарихи оқиғалар, түрлі дискурстар және тарихи-мәдени жады ұғымдары арқылы зерделенеді. Бұл тұрғыда батырлық бейненің қоғамдағы орнына, ұжымдық жадтағы, тарихи нарративтегі көрінісіне баса назар аударылады.

Зерттеудің эмпирикалық бөлімінде ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен Ер Жәнібек Бердәулетұлы, Малайсары Тоқтауылұлы, Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы, Ақжолтай Ағыбай, Қанжығалы Бөгенбай, батырлардың ерліктері мен оларға орнатылған ескерткіштердің маңыздылығына талдау жасалады.

            Мақалада қолданылған суреттер мен оған қатысты ақпараттар Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан өңірлерінде жүргізілген далалық зерттеулердің нәтижесінде алынды.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Тарих