RELIGIOUS SITUATION IN THE BUKEY HORDE
Анотація
Мақалада Бөкей Ордасындағы ислам дінінің таралуы мен оның әлеуметтік-мәдени өмірдегі орны қарастырылады. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Бөкей хандығының құрылуымен бірге аймақта ислам діні қоғамның рухани және саяси өмірінде маңызды рөл атқарды. Ресей империясының әкімшілік бақылауындағы аймақ болғанына қарамастан, ислам діні халықтың бірлігін сақтаудың, ұлттық сананы қалыптастырудың және дәстүрлі құндылықтарды қорғаудың негізгі тетігіне айналды. Мақалада діни мектептер мен медреселердің қызметі, дінбасылардың ағартушылық және тәрбие ісіндегі үлесі, сондай-ақ ресейлік миссионерлік саясатқа қарсы исламның ықпалы талданады. Бөкей Ордасында ислам дінінің таралуы жергілікті ахундар мен молдалардың белсенді қызметімен тығыз байланысты болды. Олар діни ғана емес, қоғамдық-саяси салада да ықпал етті. Ислам құндылықтары арқылы білім беру, моральдық тәрбие және қоғамдық тәртіп орнату мақсат етілді. Сонымен қатар, Ресей империясы ислам дінін өз пайдасына қолдану, дінді саяси бақылау құралына айналдыру саясатын да ұстанды. Соған қарамастан, исламдық дәстүр мен ұлттық рух халықтың рухани тұтастығын сақтап қалуда шешуші рөл атқарды.
