БЕТТІК АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ КӨРСЕТКІШІНЕ ПОЛИКОМПОНЕНТТІ СҮЗГІЛЕУІШ ЖҮКТЕМЕНІҢ ГРАНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ЖӘНЕ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ

  • Алиева Б.Б., Кочеров Е.Н.*, Раматуллаева Л.И., Колесников А.С.,Мамитова А.Д., Кадирбекова А.А. НАО "Южно-Казахстанский университет им. М. Ауэзова"
Ключові слова: экологиялық көрсеткіштер; қоршаған орта; беттік ағынды сулар; ластаушы заттар; көп компонентті сүзгі; сүзгілеуіш жүктеме; сүзу жылдамдығы; гранулометриялық құрам; гидравликалық сипаттамалар; тазалау тиімділігі; көмір қалдығы.

Анотація

Зерттеу жұмыстарында табиғи сорбенттер көмір өндірісінің қалдықтары ішкі қазбалы жыныстардың, вермикулиттің, сонымен қатар құрылыс құмының жекелген гранулометриялық құрамын және олардың түрлі қатынасында дайындалған көп компонентті қоспаның гранулометриялық құрамы модельденді. Компоненттер қатынасы ІҚЖ1:В2:Қ7, ІҚЖ2:В2:Қ6, ІҚЖ2:В3:Қ5 түрінде қабылданып, гранулометриялық құрамдары зерттелді. Орнатылған гранулометриялық құрамдағы поликомпонентті қоспаның гидравликалық сипаттамалары зертханалық қондырғыда зерттелді. Гидравликалық сипаттамалары тиімді қоспа түрі ретінде ішкі қазбалы жыныстар – 20%, вермикулит 20%, құм – 60% көп компонентті қоспасы таңдалды. Бұл шарттағы ағынды суды сүзгілеу жылдамдығы 208-354 мм/сағ болатыны анықталды. Көмір өндірісінің ішкі қазбалы жыныстары, вермикулит және құрылыстық құм негізінде поликомпонентті сорбенттер кешені беттік ағынды сулардағы ластаушы заттарды тұрақты және экологиялық таза жолмен тазартуға мүмкіндік береді. Зерттеулер барысында алынған нәтижелер және олардың негізінде жасалған ғылыми тұжырымдамалар Түркістан облысы Кентау қаласының беттік ағынды суларын поликомпонентті табиғи сорбенттер кешенімен тазалау арқылы Қосқорған су қоймасының ластану қауіпін төмендетуге бағытталған келешекті зерттеу жұмыстарында қолданбалы болады.

Жарияланды:
2026-06-25
Як цитувати
Алиева Б.Б., Кочеров Е.Н.*, Раматуллаева Л.И., Колесников А.С.,Мамитова А.Д., Кадирбекова А.А. (2026). БЕТТІК АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ КӨРСЕТКІШІНЕ ПОЛИКОМПОНЕНТТІ СҮЗГІЛЕУІШ ЖҮКТЕМЕНІҢ ГРАНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ЖӘНЕ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ. БҚУ хабаршысы, 102(2), 437. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.102(2).41
Бөлім
Экология