ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ГИДРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША ЖЕР ҮСТІ СУЛАРЫНЫҢ САПАСЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

  • Бұқарбай З.А., Бектуреева Г.У., Тілеуберді А.Н., Кожагалиева Р.Ж. Auezov university
Ключові слова: жерүсті сулары, гидрохимиялық талдау, экологиялық мониторинг, су сапасы, экологиялық болжау

Анотація

Мақалада Түркістан облысының жер үсті суларының гидрохимиялық көрсеткіштері негізінде олардың экологиялық жағдайына жүргізілген мониторинг пен су сапасын болжау нәтижелері баяндалған. Зерттеу 2023–2024 жылдар аралығындағы бақылау деректеріне сүйеніп, аймақтың негізгі су нысандарын – Сырдария, Келес, Арыс, Бадам, Ақсу, Бөген өзендері мен Шардара су қоймасын қамтыған.

Талдау нәтижелері өзен суларының гидрохимиялық құрамының кеңістіктік және уақыттық тұрғыда айтарлықтай өзгеретінін көрсетті. Көптеген су нысандарында аммоний иондары, сульфаттар, магний, қалқыма заттар және жалпы фосфор концентрацияларының рұқсат етілген нормативтерден тұрақты түрде асып кететіні анықталды. Ең жоғары экологиялық тәуекелдер Келес пен Арыс өзендеріне тән, ал Сырдария, Бөген және Шардара су қоймасы соңғы кезеңде су сапасының жақсарғанын байқатты. Ақсу өзені зерттеу кезеңі бойы жоғары сапалы сулар санатына (I класс) жатқызылды.

Алынған нәтижелер антропогендік жүктемені азайту, ағынды суларды тазарту жүйелерін жетілдіру және бақылау желісін кеңейту бойынша кешенді шаралардың қажеттілігін көрсетеді. Жер үсті сулары сапасының болжамы қосымша табиғатты қорғау іс-шаралары болмаған кезде проблемалы учаскелерде тұрақсыздықтың сақталуын көрсетеді.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Экология