ХАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ПРИНЦИПІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Кубесова Г.Т., Қалменов А.А. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет
Ключові слова: Кілт сөздер: өлкетану; халық географиясы; құзыреттілік; мектеп географиясы; мотивация; ГАЖ; цифрлық картография.

Анотація

Аңдатпа. Бұл мақалада халық географиясын оқытуда өлкетану принципін жүйелі қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі талданады. Теориялық негіздеме өлкетанудың мазмұндық, құзыреттік және педагогикалық-технологиялық қырларын айқындап, оны оқушының өмірлік тәжірибесімен ұштастырудың мүмкіндіктерін көрсетеді. Эмпирикалық зерттеу Ақтөбе қ. №29 орта мектебінің 11-сыныбында жүргізілді. Сауалнама мен сабақ барысын бақылау нәтижелері өлкетанулық мазмұнның оқушылардың пәнге қызығушылығын, пікір айту белсенділігін және карта-диаграммамен жұмыс дағдыларын айқын арттырғанын көрсетті.Сонымен қатар әдістемелік ресурстардың жеткіліксіздігі, оқу құжаттарында өлкетануға қатысты нақты материалдың тапшылығы анықталды. Мақалада жергілікті дереккөздер қорын қалыптастыру, ГАЖ сияқты цифрлық картографияны жүйелі қолдану, бағалау индикаторларын нақтылау және мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Кілт сөздер: өлкетану; халық географиясы; құзыреттілік; мектеп географиясы; мотивация; ГАЖ; цифрлық картография.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
География