ХХ ҒАСЫРДЫҢ 50-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Анотація
Мақала ХХ ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттік тәрбиелік саясаттың маңызды элементі ретінде Қазақ КСР-індегі мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін талдауға арналған. Зерттеуде оқушылардың еңбек қызметінің мақсаттары, формалары мен мазмұны мемлекеттік идеологиялық ұстанымдар мен әлеуметтік-экономикалық міндеттер контексінде қарастырылады. Зерттеудің дереккөздік базасын архив материалдары, нормативтік құжаттар және зерттеліп отырған кезеңнің жарияланымдары құрады. Мақаланың мақсаты – еңбек тәрбиесінің өскелең ұрпақтың құндылық бағдарларын қалыптастырудағы рөлін және оның мектептік білім беру жүйесіндегі орнын анықтау. Жұмыста соғыстан кейінгі жылдардан қайта құру кезеңінің басына дейін мектептегі еңбек ұйымдастыру тәсілдерінің эволюциясын анықтауға мүмкіндік берген тарихи және жүйелік әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде еңбек тәрбиесінің тек өндірістік қызметке даярлау құралы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтендіру мен идеологиялық ықпал етудің маңызды тетігі болғаны анықталды.
