ХХ ҒАСЫРДЫҢ І ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАРАТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ: ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚТАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР
Анотація
Бұл мақалада ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қаратөбе өңірінің әлеуметтік-саяси және экономикалық даму ерекшеліктері аймақтық деректер негізінде талданады. Зерттеу барысында 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917-1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өзгерістер, кеңестік биліктің орнығуы және 1928 жылғы әкімшілік реформалар кезеңіндегі қоғамдық үдерістер қарастырылды. Соналы болысындағы көтеріліс жергілікті халықтың отарлық саясатқа қарсылығының көрінісі ретінде бағаланып, оның өңірдің саяси белсенділігінің артуына тигізген ықпалы айқындалды. 1928 жылғы әкімшілік-аумақтық негізде қайта құру нәтижесінде Қаратөбе ауданы құрылып, кеңестік басқару жүйесіне енгізілді. Архив құжаттары мен статистикалық деректер негізінде ауданның демографиялық ахуалы, шаруашылық құрылымы, сауда айналымы мен әлеуметтік инфрақұрылымы сараланды. Мал шаруашылығының басымдығы, егіншіліктің нашар дамуы және кооперативтік жүйенің енгізілуі экономикалық трансформацияның негізгі бағыттарын көрсетті. 1928 жылғы байларды тәркілеу науқаны мен күштеп ұжымдастыру дәстүрлі шаруашылық жүйесін күйретіп, әлеуметтік жіктелуді күшейтті және ашаршылықтың алғышарттарын қалыптастырды. Сонымен қатар саяси қуғын-сүргін мен соғыс жылдарындағы демографиялық ахуал өңірдің дамуына ұзақ мерзімді зардап әкелді. Қаратөбе ауданы мысалында кеңестік аграрлық реформалардың аймақтық деңгейдегі салдары ғылыми тұрғыда тұжырымдалды.
