РЕПРЕССИЯЛАНҒАН ӘЙЕЛДЕР ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА)
Анотація
Мақалада репрессияланған әйелдер тарихын оқытудағы ғылыми-педагогикалық модельдің мақсаты, құрылымы және ғылыми негізіне талдау жасалады. Репрессия тарихы, саяси қудалауға ұшыраған әйелдердің тағдыры Оңтүстік Қазақстан өңірі мысалында қарастырылады. Негізгі дереккөз ретінде өңірлік архив, музей деректері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдары мен жекелеген зерттеушілердің еңбектері қарастырылған. Зерттеудің негізгі өзектілігі мектепте тарих пәнінен репрессияланған әйелдер тарихын оқытуда оқушылардың тарихи санасын, танымдық белсенділігін және зерттеушілік қабілетін арттырудың моделін ұсыну, тәжірибеден өткізу. Бұл модель негізінде репрессияланған әйелдердің өмір жолы мен қоғамдағы орнын, қайраткерлік қызметін оқушыларға оқу бағдарламасына кіріктіру арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу барысында тарихи деректерді іріктеу, оларды тарих пәні бойынша оқу бағдарламасына кіріктіру және тиімді оқыту әдістері ұсынылады. Ғылыми-педагогикалық модель білім алушылардың сыни ойлауын дамытуға, тарихи фактілерді талдауға бағытталған. Мақалада тарихи-деректік, тарихи-салыстырмалы, интерактивті оқыту әдістері мен жалпығылыми модельдеу әдісі тиімді қолданылған. Аталған әдістерді кешенді түрде қолдану репрессияланған әйелдер тарихын оқытудың ғылыми-педагогикалық моделін құруға мүмкіндік береді. Ұсынылған модель тарихты оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуге мүмкіндік беріп, репрессияланған әйелдер тағдырын терең түсінуге жағдай жасайды.
